Аты аңызға айналған Эвандер Холифилд 27 жастағы шоумен Джейк Полдың 58 жастағы атақты Майк Тайсонды жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sport.ua.
Арлингтонда өткен бұл айқаста Пол төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 80–72, 79–73, 79–73.
"Бұл жекпе-жек дұрыс емес. Тайсонның аяғына бірдеңе болған, ол қайта-қайта теңселе берді, ал Джейк Пол айтарлықтай жақсы боксшы екен", - дейді Холифилд.
Холифилд карьерасында Тайсонмен екі рет жұдырықтасқан. Біріншісінде 11-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ал екіншісінде Майк Эвандердің құлағын тістеп алып, шеттелуіне байланысты жеңіс Холифилдке берілген болатын.