Бокс
17 қараша 2022 13:54

Бокс аңызы "Канелоға" Биволды қалай жеңу керегін айтты

©twitter.com/BoxingNewsED

Әйгілі Роберто Дюран мексикалық Саул "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) пен ресейлік Дмитрий Бивол (21-0, 11 КО) айқасына қатысты ойыниайтты, деп жазады vRINGe.com.

Оның сөзінше, "Канелоға" алғашқы айқастан кейін тактикасын өзгерту керек.

"Альварестің ірі қарсыласқа қарсы жекпе-жекте не істерін білмей қалатынын байқадым. Алайда қателігін түзеуге болады. Сол кезде түзетуі керек еді. Ол үшін Сауль көкірек мінезін қою керек. Мексикалықтың бапкерімен сөйлесіп, оған салмағы ауыр спарринг қарсыластармен жұдырықтасу керектігін айтар едім. Мысалы кезінде мені жеңген боксшы енді ешқашан менен мықты болмайды деген ұранмен жүретінмін. сөйтіп талай қарсыласымнан реванш алдым", - дейді Дюран.

Еске салайық, "Канело" мен Бивол биылғы жылдың мамыр айында қолғап түйістіріп, 12 раундтың қорытындысы бойынша Дмитрий жеңіске жеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport