Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17–0, 12 KO) келесі жекпе-жегіне қатысты жаңа мәліметтерді бокс комментаторы Фернандо Сабатини жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сабатини әлеуметтік желіде доминиканалық боксшы Карлос Адаместің сөзін келтірді:
"Біз Жәнібек Әлімханұлымен титул біріктіретін жекпе-жек өткізуге өте ұзақ уақыт бойы ұмтылып келдік, бірақ, шарттар бойынша келісімге келе алмадық. Алайда бұл кездесу өтеді. Ол келесі айқас болу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Келісімге келдік десек те болады".
Карлос Адаместің айтуынша:
"Қазірше нақты күн де, орын да белгіленген жоқ. Бірақ бұл жекпе-жек міндетті түрде өтеді – ол келесі кездесуге болады".