"Бокс әлеміне әмірімді жүргізе аламын". "Канело" не үшін бесінші салмаққа ауысқанын түсіндіріп берді

©DAZN

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) неге екінші орта салмақтағы Дэвид Бенадивеспен (25-0, 22 КО) және жартылай ауыр салмақтағы ресейлік чемпиондар Артур Бетербиев (16-0, 16 КО) және Дмитрий Биволмен (18-0, 11 КО) кездеспей, бірінші ауыр салмаққа ауысып кеткенін түсіндірді. 

"Мен қазір бокс әлеміне әмірімді жүргізе алатын жағдайдамын. Екінші орта салмақтағы әлемнің чемпиондарымен кездесіп, барлығын жеңдім. Барлығының чемпиондық белбеуін тартып алдым. Сондықтан енді не қаласам, соны істей аламын. Қалаған дүниемді істеп те жатырмын", - деп келтіреді "Канелоның" сөзін vRinge.com порталы. 

Айта кетейік, бүгін "Канелоның" WBC белбеуінің иегері африкалық Илунгу Макабумен (28-2, 25 КО) кездесетіні белгілі болды. Бұл жекпе-жек келесі жылы мамырда өтеді. 

Ал Мексикадағы WBC Конгрессі барысында "Канело" мен Макабу бірінші рет бетпе-бет кездесті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар