Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing басшысы) және DAZN стриминг қызметіне өте наразы екен, деп хабарлайды vRINGe.com.
Қазақстандықтың ойынша, олардың мексикалыққа бүйрегі бұрып тұрады. Дегенмен мәселе келісімшартта да болуы мүмкін - жақында DAZN Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясымен бірге шоу өткізуден бас тартты.
"Жағдайды алдымен жақсылап зерттеп, одан кейін сараптама жасау керек. Олар мені алаңдатпайды. Олар туралы белгілі атлеттің сөзімен ғана айта аламын: "Бокс туралы боқ та білмейді". Мен солай ойлаймын. Бірге жұмыс істеу арқылы оларды спортты түсінудің жаңа деңгейіне жеткізе аламын деп үміттенгенмін", - дейді Головкин.