ESPN шолушысы және белгілі инсайдер Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты қызықты мәлімет берді, деп жазады Vesti.kz.
Инсайдердің ақпараты бойынша, Жәнібек 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешінде WBO және IBF титулдарын қорғайды. Қарсыласы Франция атынан жұдырықтасатын конголық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).
Алайда бұл бокс кешін ұйымдастырумен Әлімханұлының ісін АҚШ-та жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы айналыспайтын болыпты. Бұл ивентті өткізуді жергілікті промоутерлік компания қолға алған екен, дегенмен, бокс кеші ESPN+ арнасында трансляцияланады. Шоу кардында өзге де қазақстандық боксшылардың айқасы өтеді деп жоспарлануда.