Блогер-боксшы келесі жекпе-жегін кәсіпқойға қарсы өткізуді жоспарлауда
Америкалық блогер-боксшы Джейк Пол келесі кездесуінің осы жылдың қазанына жоспарланғанын және оның қарсыласы бірнеше жеңісі бар кәсіпқой боксшы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Allboxing.ru.
Америкалық блогер-боксшы Джейк Пол келесі кездесуінің осы жылдың қазанына жоспарланғанын және оның қарсыласы бірнеше жеңісі бар кәсіпқой боксшы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Allboxing.ru.
Бұған дейін Пол британиялық Томми Фьюриге (8-0, 4 КО) және америкалық Кіші Хасим Рахманға (12-1, 6 КО) қарсы кездесуге шығатынын айтқан еді. Бірақ екі жекпе-жек те өткен жоқ. Фьюри АҚШ аумағына кіру мүмкіндігінен айырылса, Рахман 90,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығуға қарсы болған.
"Менің келесі қарсыласым кәсіпқой боксшы болады және ол Тимми (Томми Фьюри) және Рамен (Рахман) сияқты тәжірибелі әрі бірнеше жеңісі бар спортшы", - деді Пол.
Most Valuable Promotions ақпараты бойынша, Пол келесі кездесуінің қазанда 83.9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткенін қалап, өтініш білдірген. Бұл салмақ дәрежесі UFC-де қолданылады, алайда Пол мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы кездесу өткізу үшін жартылай орта салмаққа қарай өтіп жатыр деген де болжам бар.
Жарнама