Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген америкалық блогер Джейк Пол (5-0, 4 КО) 2021 жылы үш жекпе-жек өткізіп 40 млн АҚШ долларын тапқан. Мұндай ақпаратты Forbes журналы жариялап отыр.
Өткен жылы сәуірде Пол ММА-ның экс-жауынгері Бен Аскренді нокаутпен жеңсе, тамыз айында аралас жекпе-жектің шебері, UFC промоушейнының бұрынғы жұлдызы Тайрон Вудлиді ұпай санымен ұтты.
Ал желтоқсан айында 24 жастағы ютубер Showtime кешінде Вудлимен қайта кездесіп, ауыр нокаутқа түсірді.
Еске салайық, кәсіпқой карьреасын 2020 жылы бастаған Джейктің туған ағасы Логан Пол да Америкадағы танымал блогерлердің бірі. Логан да қолына былғары қолғап киіп, бірқатар табысқа жеткен.
Celebrity Net Worth басылымының мәлімдеуінше, Головкиннің кәсіпқой карьреасында тапқан табысы 30 млн АҚШ доларын құрайды.