Биылғы алғашқы сенсация. 40 жастағы боксшы жас қарсыласын бірінші раундта құлатты

©Видеодан скрин

Өткен демалыс Лас-Вегастағы бокс кешінде WBA ұйымының супер жеңіл салмқата уақытша чемпионы атағы үшін айқаста 31 жастағы британиялық Охара Дэйвис (25-3, 18 КО) 40 жастағы венесуэлалық Исмаэль Барросодан (25-4-2, 23 КО) жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz.

12 раундқа есептелген кездесу біріншісінде-ақ аяқталды. 40 жастағы Барросо алдымен қарсыласын бір құлатып алды. Есеңгіреп қалған британиялыққа алдымен нокдаун есептелді. Осыдан кейін Исмаэль тоғыз жас кіші қарсыласын қыса түсті де, екінші рет құлатты. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Басқаша айтқанда бұл биылдыққа бокстағы алғашқы сенсация болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport