"Биыл Головкин ғана емес". ESPN шолушысы әлемдік деңгейде жарқырайтын қазақ боксшыларын атады

© si.com
Латын Америкадағы ESPN журналы редакциясының журналисті Фернандо Барбоза орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) лайықты ізбасарлары бар деген ойда. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол әлемдік деңгейде жарқырай алатын бірнеше қазақстандық боксшыны атап өтті.

"Биыл Головкин ғана емес, бірнеше өзге қазақстандық боксшының өнерін тамашалау қызық болады. Маған Ахмедов, Ербосынұлы, Әлімханұлы мен Елеусіновтің болашағы зор болатындай көрінеді. Бұл жігіттер шеберлгін шыңдап, тәжірибе жинақтап алды. Ұйым рейтингтерінде олар көшбасшыларға жақын. Әлеуеті үлкен. Олар жан-жақты және көрерменді қызықтыра алады", - дейді Барбоза. 

Айта кетейік, Али Ахмедов (16-0, 12 КО) пен Айдос Ербосынұлы супер орта салмақта, Жанібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) орта, ал Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта дивизионда. Елеусіновтен өзгесінде аймақтық титулдар бар және әлемдік ұйымдар рейтингінің ТОП-15 тізімінде.