Биволға "Канелоны" қарымтада жеңуге Головкин "көмектеседі"

©

Ресейлік боксшы Дмитрий Кудряшов отандасы Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды MMA.Metaratings.ru.

Бивол - "Канело" қарымтасы келесі жылы мамырда өтеді деп жоспарланған. 

"Альварестің жеңілуіне бірнеше фактор әсер етті. "Канело" бабында екенін көрдік, айқас соңына дейін шаршамады. Мәселе Биволдың Альвареске өте ыңғайсыз қарсылас екендігінде, тактикалық және техникалық тұрғыда да. Ол инсайдта жұдырықтаспайды, бір орында тұрып қалмайды және қашықтықты жақсы сезінеді. 

Жекпе-жекте стиль шешеді, ал Биволдың стилі "Канелоға" барынша қолайсыз. Альвареске қарымта не үшін екені түсініксіз. Әлбетте, өзінікін алып, бұрынғы абырой мен даңқын қайтарғысы келеді ғой. Бірақ реваншта ештеңе өзгере қоймайды. Оның үстіне "Канело" қазір Головкинмен жұдырқтасу үшін салмақ түсіреді де, одан кейін қайтадан бұлшық ет жинау керек болатынын есепке алу керек", - дейді Кудряшов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport