Мексикалық Хильберто Рамирес (44-0, 30 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) жекпе-жек белгілегеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Басында үміт болмады, Дмитрийдің қарсыласы басқа біреу болады-ау дегенде көңілім түсіп, бойымды ыза биледі. Бірақ қазір бәрі өзгерді. Бұл ең оңтайлы уақыт, сондықтан мен айқасқа дайынмын. Осы жекпе-жекті көп күттім. Бұл тамаша мүмкіндік, сондықтан қатты қуанып отырмын. Дайындықты бастадым!" - дейді Рамирес.