Бокс
4 мамыр 2022 15:03
 

Биволдың бапкері "Канеломен" айқаста аяқтан шалу болатынын ашып айтты

  Пікірлер

blog.share

Биволдың бапкері "Канеломен" айқаста аяқтан шалу болатынын ашып айтты ©RCC Boxing Promotions

WBA (Super) чемпионы Дмитрий Биволдың (19-0, 11 КО) бапкері Геннадий Машьянов "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) төрешілер жақтасатынына дайын екенін айтады.

blog.share

WBA (Super) чемпионы Дмитрий Биволдың (19-0, 11 КО) бапкері Геннадий Машьянов "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) төрешілер жақтасатынына дайын екенін айтады.

- Қазіргі таңда екі боксшыдан жеңілмегені Бивол болып тұр.

- Иә, Альварестің рекордында жеңіліс бар (2013 жылы Флойд Мейвезерден). Жеке менің пікірім, "Канело" тек бұл айқаста ғана жеңілген жоқ. Белгілі бір уақытта төрешілер оған жақтасты. 

 - Қай жекпе-жекті айтып отырсыз?

- Кем дегенде Генадий Головкинмен бірінші айқас (2017 жылы тең түскен), сонымен қоса, Эрисланди Ларамен кездесу (2014 жылы өтті, Альварес төрешілердің бөлек шешімімен жеңді). Бірақ адамдар бәрін көріп отыр ғой. 

- Осы жерде заңды сұрақ туады. Теңдей түсіп жатса, төрешілер Альварестің пайдасына шешім шығарады деп қауіптенбейсіз бе?

- Қауіптеніп отырмыз дей алмаймын... Тең түсіп жатса, Димаға жеңісті бермейтініне сенімдімін. Осыны түсіне отырып, дайындалып жатырмыз. Төрешілер және өзге де жағдайлар "Канелоның" пайдасына боларына сенімдімін. Бірақ қорқатын ештеңе жоқ, біз жеңуге дайындалып жатырмыз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!