Жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) жаттықтыратын Геннадий Машьянов "РБ Спорт" басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңу мүмкіндігі жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Төрешілер әділ болса, 50 де 50. Бұл Генаның жасын есепке ала отырып айтқандағым. Ол баяулап қалды. Муратамен айқастың басында ол тым сылбар болды. Иә, Головкин қазір де жеңе алады. Техникалық тұрғыда ол "Канелодан" басым. Головкиннің техникалық арсеналы айтарлықтай кең, бірақ, оны қолдану керек. Тіресіп алып жұдырықтасудың қажеті жоқ немесе төбелесіп кетуге болмайды. Өзінің техникалық басымдығы мен ойлау қабілетін іске қосу керек. Ол жерде көрермен немесе өзге біреулердің жетегіне еріп кетуге болмайды", - дейді маман.