Ресейлік боксшы Дмитрий Биволды жаттықтыратын белгілі бапкер Геннадий Машьянов ауыр салмақтағы қазіргі жағдай туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Машьяновтың айтуынша, қазіргі уақытта рингте украиналық чемпион Александр Усикке шын мәнінде бәсекелестік көрсете алатын боксшы жоқ.
"Алдағы екі жылда Уcикке лайықты қарсылас болатын ешкім жоқ. Егер осы уақыт аясын кеңірек алсақ, онда Баходир Жалолов бар. Ол 24 шілде күні Нью-Йоркте (Джанмарко Кардильомен) жекпе-жек өткізеді. Бұл - әуесқой бокс кезеңінен кейінгі кәсіпқой рингке оралуы. Өз мүмкіндіктері бойынша ол украиналық чемпионға қарсылас болар еді. Бірақ олардың жекпе-жегі өтпейді, ал Баходир титулдық деңгейге жеткенше, Александр бокс әлемінен кетіп қалады", – деді Машьянов MMA.Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.
38 жастағы Александр Усик 2012 жылғы Олимпиада чемпионы және қазіргі таңда кәсіпқойда ең табысты боксшылардың бірі. Ол кәсіпқой рингте 24 жекпе-жек өткізіп, ешбірінде жеңіліп көрмеген. Сонымен қатар, екі салмақта абсолют чемпион атанған: ауыр салмақта және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде.
31 жастағы Баходир Жалолов 2020 және 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы. Ол кәсіпқой бокста әлі жеңіліс көрмеген: 15 айқастың біреуін ғана төрешілер шешімімне дейін жеткізді.