Бокс
15 қазан 09:57

Биволды жеңгені үшін Бетербиев қандай ең қымбат сый алатынын айтты

©championat.com

Ресейлік боксшы Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) отандасы Дмитрий Биволды (23-1, 12 КО) жеңгеннен кейінгі өзі үшін ең қымбат сый туралы айтып берді. 

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен жекпе-жекте Артур ұпай санымен жеңіп, жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды. 

- Осы жеңіс үшін өзіңе қандай да бір қымбат сыйлық сатып аласың ба?

- Жоқ, ештеңе алмаймын. Тек үйге барып, анамды құшақтаймын.

- Жекпе-жектен кейін анаңмен сөйлестің бе?

- Иә. Ол өте қуанышты. Бұл нағыз хэппи-энд, - деп береді Бетербиевтің сөзін Sport24 сайты Boxing King Media-ға сілтеме жасап.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport