Биволдан жеңілгенін мойындаған "Канело" сөз берді

©Reuters

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) алдына ала жасасқан келіссөзінде жазылған реванш пунктін қолданады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн "Канеломен" реваншқа қатысты әңгімелескен.

"Канело" жеңілістен кейін түңіліп кетті". Сонда мен: "Қандай жоспарың бар? Келесі жекпе-жек қандай болады?" Ол маған: "Биволмен реванш жасағым келеді. Оны жеңе алатынымды білемін" деді.

Әңгіме барысында Альвареске: "Бұл мәселе бойынша саған дұрыс шешім қабылдау керек. Егер тағы да жеңіліп жатсаң, карьераңа нұқсан келеді", - дедім. "Жоқ. Бұл жолы жеңілмеймін", - деп жазады vRINGe.com басылымы мексикалықтың сөзін негізге алып.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport