"Бивол сияқтымын". Белгілі блогер "Канелоны" жеңетінін мәлімдеді

©machroom

Америкалық белгілі видеоблогер Джейк Пол мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек туралы ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Канеломен" айқасым  - қазіргі бокстағы ең үлкен жекпе-жек болады деген ойымнан қайтқан жоқпын. Оны жеңе алатыныма сенімдімін. 

Адамдар бұл сөзге күледі, бірақ, Дмитрий Бивол оны жеңуге болатынын көрсетті. Менде Биволдікі сияқты стиль, диапазон, жылдамдық пен күш бар. Сондықтан жекпе-жекке шықсақ, "Канело" үшін бұл сәтсіз айқас болады", - деп береді Полдың сөзін talkSPORT.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport