Жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуінің иегері Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) "Kyrgyzstan online" ютуб арнасына Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) байланысы жайлы айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ең алдымен Бивол өзінің тегіне қатысты сауалға жауап берді.
- Менің анам кәріс ұлтының өкілі. Әжемнің қанында қытай бар. Әкем молдован. Бивол деген фамилия молдовандардікі. Аудармасы буйвол. Молдовада мұндай есімді жиі естисіз.
- Сіз АҚШ-қа көшіп кеттіңіз бе?
- Жоқ, мұхиттың ар жағына көшпедім. Қазір Санкт-Петербугте жеке пәтерім мен жер үйім бар. Ал Америкаға жекпе-жек алдында тыңғылықты дайындықтан өту үшін арнайы барып тұрамын.
- Менің білуімше, сіз Геннадий Головкинмен жақсы тіл табысып кеткен сияқтысыздар...
- Головкинмен жеке таныс емеспін. Алайда менің командамдағы менеджер мен көмекшілерімде Генаның нөмірі бар.