Бивол немесе Головкин? Промоутер "Канелоның" келесі қарсыласы кім болатынын айтты
Белгілі промоутер Эдди Хирн мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің ресейлік Дмитрий Биволға жеңіліп қалғаннан кейін алдағы уақытта кіммен қолғап түйістіретініне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Әзірге қос тарап реванш турасында ауызша келісіп жатыр. Алайда "Канело" келесі айқасын Геннадий Головкинге қарсы өткізуі мүмкін дейді Хирн.
"Менің ойымша Альварес алдымен Головкинмен жекпе-жекке шығады. Содан кейін барып Биволмен бітпей қалған мәселесін шешеді", - дейді белгілі промоутер vRINGe.com сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес алғаш рет ринг төрінде 2017 жылы кездесіп, тартысты айқас тең есеппен аяқталған еді.
Ал екінші рет қайта жолыққанда мексикалықтың мерейі үстем болды.
"Олар (ред. "Канелоның" командасы) Биволды жеңе алатынына сенімді. Сондықтан Саульдің келесі кездесуі Головкинге қарсы өтуі мүмкін", - дейді.
Сондай-ақ, Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы егер "Канело" соңғы жекпе-жегінде Дмитрий Биволдан басым түскен жағдайда рингтен шықпай жатып Головкинді трилогия жасауға шақырар еді деп сөзін түйіндеді.
Жарнама