Бивол мен Бетербиев жекпе-жегінде кім жеңетіні айтылды

©Fightnews.info

Жартылай ауыр салмақта WBC, WBO және IBF чемпионы 37 жастағы Артур Бетербиев (18-0, 18 КО) WBA титулына ие 31 жастағы Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) айқаста тегі шешен боксшының басымдығы бар. Ресейлік белгілі бапкер Федор Лапин осындай пікір білдірді.

"Жас айырмашылығы маңызды емес. Жас келгенде күш пен шыдамдылық азаяды. Ал Бетербиевте мұнымен бәрі жақсы. Артур жылдамдықпен алмайды, тайминг және ырғақты жақсы сезуімен. Бетербиев ешқашан жылдам боксшы болған жоқ, ал ең мықты жақтары әлі сақталып келеді. Біз қазіргі таңдағы жағдай туралы айтып отырмыз ғой. Әл қазіргі таңда мен Бетербиевтің басымдығы бар деп ойлаймын", - деп береді Лапиннің сөзін "Матч ТВ" сайты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар