Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол отандасы Артур Бетербиевпен өтетін абсолют чемпион атағы үшін айқасты қалай өткізетінін айтты.
14 қазан Сауд Арабиясында боксшылар жартылай ауыр салмақта WBC, WBA, IBF және WBO белбеулерін сарапқа салады.
"Ондай қатыннан құдай сақтасын". Қазақстандық спортшы бокстан чемионның бұрынғы әйелі туралы
"Менің барлық дағдым жоғары деңгейде болу керек. Жылдамдық пен қозғалыс қана емес - бәрі. Джеб, оң жақтан соққы, қуат. Кез клеген қатерді байқап отыруым қажет. Бетербиевтің адуынына қалай төтеп беремін? Әзірге білмеймін. Көреміз. Мен бәріне дайындалуға тырыстым. Жаттығу кезінде бәрін талқыладық. Ал қалай болатынын жекпе-жек қана көрсетеді.
Оның соққы күші туралы... Оларды өзіңе сынап көрудің керегі жоқ. Ең жақсысы - мүлде соққы өткізбеу. Оның соққысын көтере алам ба, жоқ па, тексергім келмейді. Оның жәй ұрса да қауіпті. Ал ауыр соққыларынан кейін сені көміп тастауы мүмкін. Менде ондай күш жоқ, бірақ мен де ұра аламын. Мен де оған бір-екі дәл соққы тигізбек ойым бар", - деп береді Биволдың сөзін BoxingScene.