Бивол "Канелоны" қалай жеңу керегін айтты

©RCC Boxing Promotions

Ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жекпе-жек алдында мексикалықты қалай зерттегені туралы айтып берді, деп хабарлайды Allboxing.ru

"Канелоның" барлық айқастарын мен былай да көргенмін. Ал қазір оларды қайталап көрудің қажеті жоқ. Өткен жекпе-жектерді қайталап көре берсең эмоциялық отың өше бастайды. Сондықтан қазіргі таңда дағдыларыңды жетілдіре беру керек. Иә, бұл маңызды кездесу, бірақ, күйгелектене беруге болмас. Көбірек жаттығу қажет, дегенмен, болдырып қалмау керек. 

Бәрі ақыл айтады. Кімнен сұрамасаң бірдеңе деп қалады. Әрқайсы жеңу үшін маған қалай жұдырықтасу керегін 100 пайыз біледі. Әр кеңес өзінше маңызды. Мұндайға салқынқандылықпен қарау керек. Бапкерім берген міндеттерді орындауым қажет. Әркімді тыңдай беруге де болмайды", - дейді Бивол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport