Бивол "Канелоны" ESPN рейтингінде ығыстырды

©USA Today Sports

ESPN арнасы ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінен кейін рейтингте өзгертулер енгізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы "Канело" жартылай орта салмақта WBA Super белбеуі үшін өткен айқаста Дмитрий Биволға ұпай санымен есе жіберді.

"Бивол WBA Super белбеуін қорғап, спорттық карьерасында алғаш рет ESPN тізімінде топ-10 боксшының қатарына кірді. Дмитрий Биволмен жекпе-жек өткізу үшін екінші орта дивизионның абсолют чемпионы Альварес бір дивизион жоғары көтерілген еді. Нәтижесінде көптен күткен айқастан кейін мексикалық былғары қолғап шебері бірінші орыннан төртінші орынға дейін түсіп қалды", - деп жазады ESPN.

ESPN рейтингі

1. Теренс Кроуфорд (екінші нөмір болған).

2. Наоя Иноуе (3).

3. Эррол Спенс (4).

4. Сауль "Канело" Альварес (1).

5. Тайсон Фьюри (5).

6. Александр Усик (6).

7. Василий Ломаченко (7).

8. Дмитрий Бивол (дебют).

9. Шакур Стивенсон (дебют).

10. Хуан Франсиско Эстрада (8).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар