Бивол "Канеломен" айқас шын мәнінде не үшін керек болғанын айтты

©twitter.com/BoxingNewsED

Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол екінші орта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жектің не үшін керек болғанын айтты.

Мамырда Бивол Альваресті төрешілердің ортақ шешімімен жеңген болатын.

"Реваншты тек үлкен ақшаға өткіземін демедім. Сіздер солай түсініп алғансыздар. Мен олай айтқан жоқпын. Онымен басқа шарттармен айқасамын деген едім. Әдетте бұл командалар арасында өз бетінше талқыланады. 

Әрине, қарымтаға шығуға болады, бірақ, оған соншалықты талпынып жүргенім жоқ. "Канеломен" бірінші айқас керек болды. Мұны қатты қаладым, бокс сүйер қауымның көзіне түсіп, назарын аудару үшін. Бұл өзің қалайтын айқастарға жетуге үлкен мүмкіндік береді. Ал мен белебу үшін айқасқым келеді. Атың шыққан сайын белгілі бір жекпе-жектерге қол жеткізу оңай: чемпиондық, белбеулер біріктіретін дегендей", - деп береді Биволдың сөзін Fightnews.info порталы SNOWQUEENLA. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport