Бокс
11 мамыр 2022 16:54

Бивол "Канелоға" қарсы кездесуде неге Ресейдің туымен шықпағанын түсіндірді

©DAZN

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы кездесуде Ресейдің туын неге алып шықпағанын түсіндірді, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Бұл кездесу 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өткен еді. 

"Мен әу баста-ақ тусыз шығамын деп жоспарладым. Негізі біздің жекпе-жек мүлде өтпей қалуы мүмкін еді. Кездесуді өткізуге рұқсат бергеніне рақмет", - деді Бивол. 

Айта кетейік, аталған айқастан Бивол "Канелоны" төрешілердің шешімі бойынша 115-113 есебімен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport