Бокс
14 мамыр 2022 10:04

Бивол Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

©championat

Жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңгеннен кейін Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты ойын білдірді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

- "Канеломен" өткен айқастан кейін сіз Головкин туралы айтып қалып едіңіз...

- Эдди Хирнге қарата айтқам. Ол "Канело" жекпе-жегінің промоутері. Хирн егер де "Канело" мені жеңген жағдайда қыркүйек айында "Канело" – Головкин айқасын өткізетіні жайлы талай айтқан еді. Мен оған әзіл-қалжыңы аралас форматта: "Айып етпе, Хирн. Сенің Головкин мен "Канело" кездесуіне қатысты жоспарыңды бұздым дедім".

- Головкинмен жекпе-жек өткізу қаншалықты мүмкін?

- Головкинмен қолғап түйістіруім екіталай. Екеуміздің салмақ дәрежелеріміз екі түрлі.

- Артур Бетербиевпен ше?

- Қазіргі таңда Артур Бетербиевтің еншісінде екі белбеу бар. Джо Смит үшінші белбеудің иегері. Смитпен титулы жоқ кезде жұдырықтасып жеңгем. Олар енді (ред. Бетербиев-Смит) үш титулға айқасады. Менің ойымша, олар менің алдағы уақыттағы қарсыластарым атануы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport