Бокс
Бүгін 18:07

Бивол Бетербиевтің бұрынғы қарсыласымен титулды айқасқа шығады

©instagram.com/bivol_d

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (25-1, 12 KO) жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF чемпионы атағын қорғау үшін британиялық Каллум Смитпен (31-2, 22 KO) жұдырықтасады. Смит WBO ұйымының уақытша чемпионы белбеуіне ие, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бивол мен Смит Екатеринбургте кездеседі

Жекпе-жек 12 желтоқсанда Ресейдің Екатеринбург қаласындағы "УГМК-Аренада" өтетін RCC турнирінің басты оқиғасы болады. Бивол чемпиондық белбеулерін кезекті рет қорғаса, Смит толыққанды әлем чемпионы атағы үшін күресуге мүмкіндік алады.

Ресейлік боксшы соңғы рет 2026 жылдың мамырында Екатеринбургте рингке шыққан. Сол кезде Бивол IBF желісі бойынша міндетті үміткер Михаэль Айфертті төрешілер шешімімен жеңді.

Смит бұған дейін Канело мен Бетербиевтен жеңілген

Каллум Смит соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың ақпанында өткізіп, отандасы Джошуа Буатсиді төрешілер шешімімен жеңген.

Кәсіпқой карьерасында британиялық боксшы екі рет жеңіліс тапқан. Ол мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен ресейлік Артур Бетербиевке есе жіберді. Биволдың да еншісінде бір жеңіліс бар. Ол Бетербиевпен бірінші жекпе-жекте жеңілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport