Бокс
3 маусым 2022 09:41

Бивол әлемдегі ең мықты боксшыларды атады

©Sky Sports

Жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңе салысымен әлемдегі ең мықты боксшы болып кетпегенін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бивол әлемдік рейтіингте бірінші орында тұруға лайықты бірнеше боксшыны атады, алайда, олар өзара жұдырықтаспағандықтан салыстыру жасамады. 

"Мен өзімді pound-for-pound рейтингінде біріншімін деп сезінбеймін. Мен әлі жолдамын десе болады. Ең мықты бола алатынымды көрсеттім, алайда, әлі талай айқастарда өзіңді дәлелдеу керек. Мен әлі pound-for-pound патшасымен жұдырықтасқан жоқпын. Айтпағым, әр салмақта өз чемпиондары бар. 

Ең мықты боксшылардың бірі деп Кроуфордты, Спенсті де атауға болады. Өте мықты боксшылар. Кроуфорд "Канелодан" нашар болды деп қалай айта аласың? Олар жұдырықтасқан жоқ қой. Мәселен, Усик те бар. Ол Джошуаны Англияда жеңді - мықты ғой", - деп береді Биволдың сөзін fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport