Бокс
10 қыркүйек 12:17

Бивол әлемде ең мықты боксшы кім екенін ашық айтты

©Instagram/bivol_d

Жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) қазіргі таңдағы ең мықты боксшы кім екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Биволдың айтуынша, қазіргі таңда әлемдегі ең үздік боксшы америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO).

“Кроуфорд - керемет боксшы. Ол жай ғана мықты емес, ол ғажап спортшы. Меніңше, ол туралы бокс оқулықтарында жазу керек. Иә, қазір Теренс әлемдегі ең үздік боксшы деп ойлаймын. Себебі ол екі салмақ дәрежесінде абсолют әлем чемпионы атанған”, - деп береді Биволдың сөзін DAZN.

2024 жылдың 3 тамызында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өткен кейінгі кездесуінде Теренс Кроуфорд өзбек боксшысы Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раунд толық өтті, нәтижесінде америкалық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Алдағы демалыс күндері 37 жастағы америкалық боксшы екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль Канело Альвареспен (63-2-2, 39 KO) жұдырықтасады. Көпшілік “ғасыр жекпе-жегі” деп атаған бұл кездесу 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport