Билік рұқсат бермеді. Головкин жапониялық чемпионмен биыл жұдырықтаса алмайды

3 желтоқсан 2021 11:21
©huffingtonpost.co.uk

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек шегерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN мәліметінше, себеп - COVID бойынша Жапониядағы жаңа шектеулер. Енді елге шетелден кіргуе рұқсат жоқ. Бұл шара вирустың "омикрон" штамы таралмас үшін жасалған.

Ресми тұлғалар Головкин үшін жеңілдік сұраған, алайда, Жапония үкіметі бас тартты. Енді 29 желтоқсанға белгіленген жекпе-жек келесі жылға шегеріледі деп жоспарлануда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар