Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың (2-0, 1 КО) WBA Asia титулы үшін жекпе-жегі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кейінге шегерілу себебі:
Айқас 17 сәуір күні Бішкекте (Қырғызстан) өтуі жоспарланған еді. Алайда ұйымдастырушылар жекпе-жек күнін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Жапониялық Saikou Lush промоушені Бибосыновқа бокс кешін белгіленген уақытта өткізу мүмкін еместігін хабарлаған. Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы және соған байланысты әуе қатынастарына қойылған шектеулер себеп болған.
Атап айтқанда, сапарларға қатысты қауіп деңгейінің артуы мен рейстердің тоқтатылу қаупі қатысушылардың қауіпсіз логистикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей отыр.
Қазіргі таңда турнирді мамыр айының соңына ауыстыру жоспарлануда - 22, 23 немесе 24 мамыр күндері қарастырылып жатыр.

Сәкен Бибосынов жағдайға қысқаша пікір білдірді:
"Өкінішке қарай, 17 сәуірге жоспарланған жекпе-жегіміз бір айға шегерілді", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Қазақстандық боксшының қарсыласы индонезиялық Сурия Дхарма (4-0, 3 КО) болуы тиіс еді. Тараптар WBA Asia ұйымының бос белбеуін сарапқа салуды жоспарлаған.
Жарнама