Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 25–26 қазан күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ, бірақ, жекпе-жектің өзі ұйымдастырушылар тарапынан ресми түрде расталды.
"Сәкен Бибосынов қайта рингке оралады! Кәсіпқойдағы алғашқы айқасында ол жанкүйерлерге жарқын жекпе-жек сыйлады, енді оны жақынырақ танитын кез келді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері және 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері - оның жетістіктері ол туралы бәрін айтып тұр. 25–26 қазан, "Бишкек Арена"", — делінген Saikou Lush Boxing Promotions промоутерлік компаниясының Instagram парақшасында.
20 шілде күні Бішкекте (Қырғызстан) Сәкен Бибосынов кәсіпқойдағы дебютін өткізген еді. Алғашқы айқасында Сәкен 6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең нәтижесі және 4 нокауты бар филиппиндік Кристиан Леганемен кездесіп, алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген боалтын.
Жарнама