Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келі салмақтағы 1/4 финалда Дусматов пәкістандық Зохаиб Рашидпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, өзбекстандық боксшы жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.
Еске салайық, 1/8 финадла Хасанбой қазақстандық Сәкен Бибосыновты жарыс жолынан шығарған болатын.
Дусматов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, сонымен қоса, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2015, 2017, 2022).