Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов "СПОРТ МИНИСТРI" youtube арнасына берген сұхбатында Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін құрама сапынан кетуге қатысты ойын айтты.
"Тағы еңбек сіңіргім келеді, қазақтың көк туын көкке көтергім келеді. Кейбіреулер айтады "жастарға жол бермейсің бе" деген сияқты. Жасым жиырма бесте ғана, 33 жаста, 35 жаста әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы боп жатқандар бар, Неге біздер ондай болмасқа? Боксқа тойған жоқпын әлі", - дейді Бибосынов.
Еске салайық, Бибосынов Өзбекстан астанасындағы әлем біріншілігінде 51 келідегі бірінші айқасында үндістандық Дипак Кумарға есе жіберді.