Бибосынов Олимпиадалық іріктеуде қазақ боксшымен айқасты

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирде 1/8 финал кезеңіндегі жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.

51 келіде өнер көрсететін Сәкеннің қарсыласы Бахрейн атынан өнер көрсетіп жүрген Азат Махметов болды. Бұл жекпе-жекте Бибосынов төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті (4:1). 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұл турнирде бұған дейін Там Чунь Хинь Каннет (Гонконг) пен Дэвид Каранджу Мачариді (Кения) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport