Бокс
13 наурыз 2024 17:01
 

Бибосынов Олимпиадаға іріктеуде қай жекпе-жек ауыр болғанын айтты

  Пікірлер

blog.share

Бибосынов Олимпиадаға іріктеуде қай жекпе-жек ауыр болғанын айтты ©СДД

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирі жайлы ойын айтты. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирі жайлы ойын айтты. 

Бибосынов Бусто-Арсициода сәтті өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алып отыр. Бұған дейін 26 жастағы боксшы Токиодағы жазғы ойындарда қола жүлде иеленген еді.

"Менің ең басты мақсатым - ел намысын абыроймен қорғап, лицензияға қол жеткізу болатын. Мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Бұл - ұзын жолдың басы ғана. Алда бізді ең үлкен жауапкершілік, ең маңызды міндеттер күтіп тұр. Париж Олимпиадасында Токиодағы қателіктерді жөндеуге тырысамын. Енді жаттығуды үдете түсеміз. Ал лицензиялық турнирге келер болсақ, барлық қарсыласыма қарқынды дайындалдым. Лицензия алатыныма сенімді болдым. Жекпе-жектердің ішінде ең соңғы, шешуші кездесу сәл қиындау соқты. Десе де, жолдамаға қол жеткізсем деген ойым орындалды", - деп береді Бибосыновтың сөзін Olympic.kz.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!