Бибосынов Олимпиадаға іріктеуде екінші боксшыны жарыс жолынан шығарды

©instagram.com/sakenbibosinov

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.

51 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшының 1/16 финалдағы қарсыласы кениялық Давид Каранжи Мачари болды. Сәкен бұл айқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Еске салайық, Бибосынов бірінші кездесуінде гонконгтық Каннет Хин Чун Таманы нокаутпен жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport