Бокс
4 наурыз 12:36
 

Бибосынов Олимпиада лицензиясы берілетін турнирге қатыспайды: себебі айтылды

  Пікірлер

blog.share

Бибосынов Олимпиада лицензиясы берілетін турнирге қатыспайды: себебі айтылды ©СДД

Қазақстан құрамысының боксшысы Сәкен Бибосынов рингке қашан оралатынын және 2025 жылға жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамысының боксшысы Сәкен Бибосынов рингке қашан оралатынын және 2025 жылға жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы боксшы 2024 жылы Азия чемпионатына қатысып, 1/4 финалына дейін жеткен. Одан кейін жарақат алып қалып, қазіргі таңда операциядан кейін қалыпқа келуде. 

- Алда екі чемпионат бар: IBA мен World Boxing. Бірінде жақсы ақша төленеді, ал екіншісі - Олимпиадаға лицензия береді. Өз еркің болса қай турнирге барар едің?

- World Boxing турнирі қыркүйекте өтеді, IBA - мамыр не маусымда, әзірге нақты уақыты белгісіз. Егер мен екі турнирге де қатыссам, 2023 жылы Ташкенттегі әлем чемпионатында жасаған қателігімді қайталаймын. Ол кезде толық бабыма келмей өнер көрсеттім. 

Енді екі аптадан кейін немесе бір айдан соң жаттығуды бастаймын, бірақ, әлем чемпионатына толық дайын бола алмаймын, сондықтан бұл чемпионаттаға қатыспайтын шығармын. Тағы да жатығып, салмақ қуамын, ары қарай белгілі болады, - дейді Бибосынов Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!