Бокс
Бүгін 19:50
 

Бибосынов нокдаунға түсіп қалды бірақ қарсыласынан есесін үш есе қайтарды

  Пікірлер

blog.share

Бибосынов нокдаунға түсіп қалды бірақ қарсыласынан есесін үш есе қайтарды ©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Сәкен Танзаниядан келген Факи Исса Факимен кездесті. Бибосынов бірінші раундты сенімді түрде 5:0 есебімен өз пайдасына шешті.

Екінші үш минуттық кезеңнің басында қазақстандық боксшыға нокдаун есептелді. Осыдан кейін Бибосыновтың өзі қарсыласы екі рет несеңгіретіп тастады, ал раунд қазақстандықтың пайдасына 5:0 болып аяқталды.

Үшінші раундта да танзаниялық боксшыға тағы бір нокдаун есептелді. Бибосынов бұл жекпе-жекте 5:0 есебімен төрешілердің ортақ шешімімен жеңіп, 1/4 финалға өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!