Бүгін бокстан Қазақстан чемпионатының екінші күніндегі жекпе-жектер өтеді. Vesti.kz сайты күннің басты шайқастары мен тікелей көрсетілім жайлы ақпарат ұсынады.
Чемпионаттың күндізгі сессиясы 14:00-де басталады. Кешкі сессия 18:00-ге жоспарланған.
Қазақстан чемпионатын QazSport телеарнасы мен ресми сайтынан тамашалауға болады.
Бүгін ерлер арасында 55, 60, 65, 70, 90 және +90 келі салмақта жекпе-жектер өтеді. Олардың қатарында 55 келіде екі бірдей әлем чемпионы бар. Сәкен Бибосынов абайлық Нұрахмет Берікболовпен жұдырықтасады.
2024 жылы жастар арасында әлем чемпионы болған Бексұлтан Боранбек Ақылтай Рабатовпен кездеседі.
Сондай-ақ бүгін Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов, Серік Теміржанов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы секілді тәжірибелі боксшылар да ел чемпионатындағы жарыс жолын бастайды. Ағайынды Сапарбайлар да шаршы алаңға көтеріледі.
Әйелдер арасында 54 және 70 келідегі салмақта жекпе-жектер өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Семейдегі Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталатын болады.
Жарнама