2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен кәсіпқой рингте жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бибосынов кәсіпқойда Дусматовқа қарсыБибосыновтың айтуынша, егер промоутерлер мұндай кездесуді ұйымдастыруға ниет білдіріп, барлық тарап ортақ келісімге келсе, бұл жекпе-жекті өткізу қызықты болады.
Текетірес тарихы"Егер промоутер осы жекпе-жекті ұйымдастырғысы келсе, салмақ дәрежелеріміз сәйкес келіп, барлық тарап келісімге келсе – неге өткізбеске? Әуесқой бокстағы кездесулеріміз жанкүйерлер үшін әрдайым қызықты болды. Кәсіпқой рингте де бұл жекпе-жек үлкен қызығушылық тудырады деп ойлаймын", – деді Бибосынов AZAMAT SPORT YouTube арнасына берген сұхбатында.
Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов әуесқой бокста төрт рет кездескен. Алғашқы жекпе-жек 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында өтті. Сол жолы қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетіп, кейін әлем чемпионы атанды.
2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының финалында жеңіс Дусматовқа бұйырды.
2023 жылғы Ханчжоудағы Азия ойындарында да өзбекстандық боксшы басым түсті.
Ал олардың соңғы кездесуі 2024 жылғы Париж Олимпиадасының ширек финалында өтті. Бұл жолы Дусматов төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) жеңіске жетіп, кейін Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, ол өз карьасында екінші Олимпиада алтынын иеленді.
Кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жекАйта кетейік, Сәкен Бибосынов 28 тамызда кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Намибия боксшысы Иммануэль Йозеф (18-4-1) болады.
Қазіргі таңда қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Оның бір нокаутпен аяқталған.