Бокс
Кеше 18:59

Бибосынов алтын үшін айқаста ресейлікті нокдаунға түсірді

©Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 13 желтоқсан IBA Дубайда өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатының шешуіші айқастары басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасынан рингке бірінші болып 54 келіде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов шықты. Қазақстандық боксшы әлем біріншілігінің алтыны үшін ресейлік Вячеслав Рогозинмен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша бұл айқаста Сәкен төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік. 

Осылай Бибосынов әлем чемпионы атанып, Қазақстан құрамасы қоржынына бірінші алытнды салды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport