Бокс
10 маусым 12:16
 

"Бейшараны қақ айырамын!". Чемпион Әлімханұлымен айқас туралы

  Пікірлер

blog.share

"Бейшараны қақ айырамын!". Чемпион Әлімханұлымен айқас туралы ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBA чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) жекпе-жекке қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBA чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) жекпе-жекке қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Жыланды ауылының тумасы Адамеспен айқасқа қатысты келіссөздер жүріп жатқанын, кездесу жақын арада өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол Адаместі қорқып отыр деп меңзеген еді.

Доминиканалық боксшы бұған бірден жауап берді.

"Мен бұл туралы бір рет айтқанмын, енді қайталап жатпаймын. Мен нағыз бәсекелестікті көрдім, жанкүйерлер де оны сезінді. Бірақ ешкім бұрын-соңды мұндайды көрген емес. Мен ол бейшараны қақ айырамын. Оның бетіне қараңыздаршы - қорқып тұрғаны анық, айтатыны тек "жеңіл жұмыс" деген сөздер ғана. Бәрі алдын ала жазылған сценарий сияқты. Доминиканалық күш! Top Rank-та доминиканалық бауырың бар, айқасқа шық та, не боларын көр!", – деп жазды Адамес X әлеуметтік желісінде.


Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы да орта салмақта әлем чемпионы және бір емес, екі белбеуі бар - IBF және WBO. Егер бұл жекпе-жек өтетін болса, жжеңімпаз үш титулды иеленеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!