Бокс
19 сәуір 2022 00:23

"Бетін қайтарды". Жапонияда Головкиннің соққыларына тәнті болды

©AFP

Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) джебі Риота Муратаның (16-3, 13 КО) тас талқанын шығарып, оған бет-қаратпады. Осыған орай Жапонияда қазақстандық боксшының шабуылдау потенциалына баға берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Головкиннің мексикалық стилі өзіне жарасады. Ол сөзсіз джебті әлемде ең мықты қолдана алатын былғары қолғап шеберлерінің бірі.

Оның джебі қарсыластың қарқынын бәсеңдетіп, бетін қайтарып тастайды."

Еске салайық, осыдан екі апта бұрын Қарағанды бокс мектебінің түлегі күншығыс елінде жергілікті Риота Муратаны тоғызыншы раундта жеңіп, белбеуін тартып алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport