Бокс
18 ақпан 13:43
 

Бетербиевтің өзін нокдаунға түсірген боксшы Жәнібекпен бір кеште айқасады

  Пікірлер

blog.share

Бетербиевтің өзін нокдаунға түсірген боксшы Жәнібекпен бір кеште айқасады ©Дзен

Франциялық боксшы Арсен Гуламирян (27-1, 19 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізеді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Франциялық боксшы Арсен Гуламирян (27-1, 19 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізеді, деп жазады Vesti.kz.

5 сәуірде Гуламирян әлем чемпионы атағына үміткер болған британиялық Каллум Джонсонмен (23-1, 15 КО) жұдырықтасады. Бұл айқаста бірінші ауры салмақтағы WBA International титулы сарапқа салынады. 

Ал бокс кешінің басты айқасында Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-0, 9 КО) қарсы айқаста WBO және IBF белбеулерін қорғайды. 

Гуламирян мен Джонсон да карьерасында бір-ақ рет атақты чемпиондардан жеңілген. 

37 жастағы Гуламирян 2019 бен 2024 жылдар аралығы WBA Super титулын иеленіп, оны үш рет қорғаған. 2024 жылы 30 наурызда ол мексикалық Хильберто Рамиреспен айқаста карьерасында алғаш рет жеңілді. 

39 жастағы Джонсон болса карьерасында бір ғана рет қазір аболют чемпион болып тұрған Артур Бетербиевтен (20-0, 20 КО) жеңілді. Бірақ британиялық боксшы жекпе-жек кезінде Артурды нокдаунға түсіре алғанын айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!