Бетербиевтің бапкері "Канеломен"айқастағы Биволдың шеберлігіне бағасын берді

©ЕРА

Жартылай ауыр салмақта WBC, IBF және WBO чемпионы Артур Бетербиевтің бапкері Марк Рэмси осы дивизионда WBA Super белбеуіне ие Дмитрий Биволдың шеберлігін жоғары бағалады, деп хабарлайды FightHype

"Бивол өте мықты. Бастапқыда ойлағаннан да жақсы. "Канелоны" жеңгені үшін ғана емес, мәселе қалай жеңгендігінде. Бивол жоспармен шығып, соңына дейін ұстанды. 

"Канело" ауыр соққы көп жасағанымен, Бивол концентрация жоғалтпады. Тактикасын берік ұстанды және 12 раунд бойы жақсы бокс көрсетті. Бұл тамаша айқас болды, таңырқап қалдым", - дейді Рэмси. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport