Бетербиев жекпе-жектен кейін Биволдың қолын алмады: себебі айтылды

Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) екінші жекпе-жектен кейін Дмитрий Биволдың (24-1, 12 КО) созған қолын алмай қойды, деп жазады Vesti.kz.
Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) екінші жекпе-жектен кейін Дмитрий Биволдың (24-1, 12 КО) созған қолын алмай қойды, деп жазады Vesti.kz.
Сауд Арабиясы астанасында өткен қарымта айқас 12 раунд толық өтіп, оның қорытындысы бойынша Бетербиев төрешілер шешімімен жеңіліп отыр.
Жекпе-жектен кейінгі трансляцияда Бетербиев Биволдың созған қолын алмай қойғаны байқалып қалды.
Кейін Дмиртий болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Жекпе-жектен кейін мен оған жақындап келіп: "Артур, сені қатты құрметтеймін. Мен жас болып, құрамаға келгенімде, сенен үлгі алдым. Мен сені құрметтеймін, қолыңды алып, жекпе-жек үшін алғысымды білдіргім келеді" дедім. Біз қол алысып, одан кейін ол: "жекпе-жек үшін рахмет. Бұл спорт. Сен де жақсы боксшысың" деп жауап берді.
Содан кейін тағы бір сөйлестік, ол маған жақындап келіп: "Қазір қолыңды алмаймын, өйткені үшінші жекпе-жегіміз бар". Ол мұны тәккәпарланбай, құрметпен жөндеп айтты. Мен: "болды" деп жауап бердім", - дейді Бивол баспасөз мәслихаты кезінде.
Жарнама