Бет қаратпай жатыр. Түрік боксшы екінші қазақстандықты жарыстан шығарып тастады

©Vesti.kz. Жигер Абенов

Қазақстандық Василий Самчук Софьияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" халықаралық турнирінде жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда 60 келіде өнер көрсететін Самчук германиялық Мурат Йылдырыммен кездесті. Тартысты жекпе-жекте тегі түрік боксшы басым түсті - 3:2.

Еске салайық, мұның алдында Йылдырым өзге қазақстандық Әділет Құрметовты жеңген болатын - 5:0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport