Қазақстандық Василий Самчук Софьияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" халықаралық турнирінде жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда 60 келіде өнер көрсететін Самчук германиялық Мурат Йылдырыммен кездесті. Тартысты жекпе-жекте тегі түрік боксшы басым түсті - 3:2.
Еске салайық, мұның алдында Йылдырым өзге қазақстандық Әділет Құрметовты жеңген болатын - 5:0.